KASE Басқармасы "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00013857 (MFLGb15) және KZ2P00013865 (MFLGb16) облигацияларын баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

29.04.25 17:15
/KASE, 29.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 29 сәуірінде "GoldFinMarket" Ломбарды"ЖШС (Шымкент) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00013857 (1 000 теңге, 700,0 млн теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 23,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFLGb15; - KZ2P00013865 (1 000 теңге, 700,0 млн теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 23,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFLGb16. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2025-04-29]