KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3059487721 (EBRDe29) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді

29.04.25 17:19
/KASE, 29.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 29 сәуіріндегі шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS3059487721 халықаралық облигацияларын "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына KASE ресми тізімін енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға EBRDe29 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-04-29]