"Нұрбанк" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 29 мамырда өткізу туралы хабарлама

30.04.25 11:39
/KASE, 30.04.25/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2025 жылдың 29 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібі: 1) банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; 2) банктің 2024 жылға шоғырландырылмаған (жеке) аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 3) банктің 2024 жылға шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 4) банктің 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және банктің бір жай акциясына есептегенде 2024 жылға дивидендтер мөлшері туралы шешім қабылдау туралы; 5) банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы банк акционерлерін хабардар ету туралы; 6) акционерлердің 2024 жылы банктің, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы; 7) Банктің Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы; 8) Директорлар кеңесінің мүшесіне – Банктің тәуелсіз директорына сыйақы мөлшерін өзгерту туралы; 9) Банктің Директорлар кеңесінің қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_info_290525_6059.pdf [2025-04-30]