/KASE, 30.04.25/ – "KEGOC" АҚ (KASE тикері – KEGC) 2025 жылдың
28 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері
туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2024 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2024 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі
бекітілсін:
- 22 298 710 968,00 теңге 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының
қорытындылары бойынша бұрын төленген дивидендтерді ескере
отырып дивидендтер төлеуге бағытталсын;
- 14 514 215 244,80 теңге мөлшерінде қалған сома компанияның
қарамағында дамуға қалдырылсын;
- 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы дивиденд мөлшері –
компанияның бір жай акциясына 81,00 теңге бекітілсін.
Осы ақпраат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_results_280425_3143.pdf
[2025-04-30]