13 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "RG Brands Kazakhstan" ЖШС KZ2P00007727 (RGBKb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
30.04.25 15:56
/KASE, 30.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
13 мамырынан бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы)
KZ2P00007727 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBKb1)
облигацияларымен KASE-де сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын
хабарлайды.
Тоқтата тұру 2025 жылдың 13 мамырда көрсетілген облигациялар
шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
мәселе қаралатын аталған облигациялар ұстаушылардың жалпы
жиналысын өткізуге байланысты.
[2025-04-30]