02 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

30.04.25 15:59
/KASE, 30.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 мамырында есеп айырысу күні 2025 жылдың 12 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша Ford Motor Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 12 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 14 мамырынан бастап қайта басталады. [2025-04-30]