/KASE, 30.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
шешімімен 2025 жылдың 02 мамырынан бастап KASE Басқарма Төрағасының
орынбасары болып Гришко Михаил Валерьевич (өкілеттік мерзімі 2026 жылдың
01 шілдесіне дейін) сайланды.
Әр жылдары Михаил Гришко KASE сауда-саттық жүйелерін жобалаумен
және әзірлеумен айналысты, "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ
Ақпараттық технологиялар бөлімшелеріне жетекшілік етті. Соңғы жылдары
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Басқарма Төрағасының
орынбасары болды, оның басшылығымен қызметтің жаңа бағыттарын іске
қосу, ішкі процестерді цифрландыру, басқарудың икемді әдістемелерін
(agile) енгізу, өнім моделін дамыту және клиенттік тәжірибені жаңғырту
бойынша ауқымды жобалар іске асырылды. Философия докторы (PhD)
дәрежесі бар.
KASE Директорлар кеңесі 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап KASE Басқармасының
мүшесі ретінде Қуанышбеков Елдос Маратұлының өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Осы шешімдерді ескере отырып KASE Басқармасы бес адамнан тұрады:
1) Мұхамеджанов Ә.Н., Басқарма Төрағасы;
2) Аманжолова Д.М., Басқарма Төрағасының орынбасары;
3) Гришко М.В., Басқарма Төрағасының орынбасары;
4) Мәжекенов Е.Б., Басқарма Төрағасының орынбасары;
5) Саржақов Ж.Н., Басқарма Төрағасының орынбасары.
Қазақ тіліндегі KASE баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/uploads/30_04_2025_changes_kaz_20201cca84.pdf
Орыс тіліндегі KASE баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/uploads/30_04_2025_changes_ru_6bb953bf81.pdf
Ағылшын тіліндегі KASE баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/uploads/30_04_2025_changes_eng_828a97366b.pdf
[2025-04-30]