/KASE, 02.05.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK)
KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі - Банк) 2025 жылғы 30 сәуірде өткен
сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысында қабылданған, 2024 жылға Банктің қызметінің қорытындылары
бойынша Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы
шешімді (ISIN KZ000A0LE0S4) хабарлайды:
- бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері: 29,64 теңге;
- дивидендтерді төлеу басталатын күн: 2025 жылғы 22 мамыр;
- дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
- 2025 жылғы 5 мамыр күнінің басындағы жағдай бойынша (00 сағат 00
минут) (Алматы қаласының уақыты бойынша) дивиденд алуға құқығы бар
акционерлердің тізімі жасалатын күн;
- дивидендтерді төлеу нысаны – қолма-қол ақшасыз.
Банк акционерлеріне төленуге тиісті дивидендтер сомасы 323 490 914
502,60 теңгеден аспайды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_020525_1_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_020525_2.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__020525_1_en.pdf
[2025-05-02]