"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционері 2024 жылдағы таза табысты бөлу тәртібін бекітті

02.05.25 15:20
/KASE, 02.05.25/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі " АҚ (KASE тикері – BTRK) жалғыз акционердің 2025 жылдың 29 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі бекітілсін; - қоғамның 2024 жылдағы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі 408 220 102 000 теңге мөлшерінде бекітілсін: - 145 326 356 312 теңге 2024 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 262 893 745 688 теңге қоғамның иелігінде қалдырылсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_decision_sole_290425_1688.pdf [2025-05-02]