05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) және IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады.

02.05.25 16:35
/KASE, 02.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 мамырынан бастап есептесу күні 2025 жылдың 09 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: - US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc. (США); - US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) IBM corp. (США). Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 09 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 12 мамырынан бастап қайта басталады. [2025-05-02]