05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC.
US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды.
02.05.25 16:38
/KASE, 02.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
05 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 09 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін,
Alphabet INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 09 маусымында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың
11 маусымынан бастап қайта басталады.
[2025-05-02]