Биржалық симулятор: сауда-саттық көлемі 01 сәуірінен 02 мамырына дейін 104,2 млрд теңгеге жетті

05.05.25 11:35
/KASE, 05.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырына дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" оқу конкурсын өткізеді. Алғашқы бес аптаның қорытындысы бойынша (01 сәуірден 02 мамырға дейін) сауда-саттық көлемі 104 215,7 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 4 531,1 млн теңгеден асты. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі тиісінше 2 006 мәмілені және 27 996,2 млн теңгені құрады. Төменде 2025 жылдың 01 сәуірінен 02 мамырына дейінгі кезеңде құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: ------------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық коды саны млн теңге ----------------- --------- --------- HSBK 3 951 33 011,4 CCBN 2 276 13 013,8 KZAP 969 11 280,7 KZTK 1 066 9 228,7 KMGZ 1 296 7 605,2 FHJIds 639 7 167,3 KSPI 1 165 7 006,4 BAST 880 6 622,5 KCEL 827 2 942,2 KZTO 534 2 698,5 ASBN 586 2 034,3 AIRA 670 1 053,3 KEGC 285 332,4 KMGD 232 201,8 IE_FXBF 144 17,1 ----------------- --------- --------- Барлығы 15 520 104 215,7 ------------------------------------- Қазіргі уақытта конкурсқа қатысу үшін 7 620 қатысушы тіркелді. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/presentations/ru/KASE_Mobile_2025.pdf [2025-05-05]