/KASE, 05.05.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің
2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен аудиттелген қаржылық есептілік негізінде
ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына 2024 жылы алынған
1 094 млрд теңге таза пайданы келесі тәртіпте бөлу туралы шешім
қабылдады:
- ҚМГ акционерлеріне дивидендтер төлеуге 300 млрд теңге бөлу;
- 794 млрд теңге сомасын ҚМГ иелігінде қалдыру;
- 2024 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрайды.
Дивидендтерді төлеу туралы шешімді акционерлер 2025 жылғы 29 мамырда
өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) бекітуге
жатады. Жалпы жиналыс мақұлдаған жағдайда, 2024 жылғы дивидендтерді
төлеу 2025 жылғы 24 маусымда акционерлер тізілімінде 2025 жылғы 30
мамырдағы жергілікті уақыт бойынша 00:00 (GMT+5) тіркелген акционерлерге
төленеді..
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі ақпараттың толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050525_kz.pdf
Орыс тіліндегі ақпараттың толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050525_1.pdf
Ағылшын тіліндегі ақпараттың толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050525_en.pdf
[2025-05-05]