06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola
Company US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
05.05.25 16:47
/KASE, 05.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
06 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 13 мусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы,
(KO_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының
12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 13 мусымында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 16 мусымынан
бастап қайта басталады.
[2025-05-05]