06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum
Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
05.05.25 16:55
/KASE, 05.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
06 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың
12 маусымынан бастап қайта басталады.
[2025-05-05]