05 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00013878 (BTRKb21) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

05.05.25 17:38
/KASE, 05.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2025 жылдың 02 мамырында "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00013878 (BTRKb21; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады 30/360) облигацияларының негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады,. Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb21 [2025-05-05]