08 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc.US0378331005 (AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

06.05.25 14:21
/KASE, 06.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 12 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 12 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 мамырынан бастап қайта басталады. [2025-05-06]