/KASE, 06.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
12 мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00001210 (MUM072_0014) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 1 293 290 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 99,1507 % (кірістілік – жылдық 15,55 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 99,2496 % құрады (кірістілік – жылдық 15,51 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 мамырда болатын
және өтелгенге дейінгі мерзімі 3,8 жыл МЕУКАМ KZKD00001210
(MUM072_0014) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1542423
[2025-05-06]