KASE өзінің интернет-ресурсында сәуір айында Freedom Holding Corp. ұсынған Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады

06.05.25 15:33
/KASE, 06.05.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың сәуіріндегі Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (ІБИ) шолу ұсынды. Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp.-тың 100 % еншілес кәсіпорны) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтің пікірлері берілген. "Сәуірде Қазақстанның қызмет көрсету секторындағы іскери белсенділік біршама өсті, оған жаңа тапсырыстар санының қарқынды өсуі ықпал етті, ал бірқатар компаниялар шығындарды оңтайландыру мен операциялық құрылымды қайта қарауды қолға алды. Салдарынан, алдыңғы айда басталған қызметкерлерді қысқарту үрдісі сәуірде де жалғасты, ал компаниялар ұлғайған шығын мен нарықтағы тәуекелдің ауыртпалығын қызмет ақысын көтеру арқылы өтеп алу стратегиясына көшті. Бұл нарықтағы бәсекенің күшейгенін көрсетеді, оның аясында компаниялар артып келе жатқан сұраныс және шығындарды бақылау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысуда. Алдағы 12 айдан күткен үміт біршама өзгерді, бұған дейін ақпан мен наурызда нық сенім байқалған еді. Десек те, компаниялардың алдағы күнге деген үміті әлі де жоғары, бұл сектордағы тұрақты оптимизмді айғақтайды." Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2504_PR_a1021f8a8f.pdf Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2504_PR_bb83287fc5.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2504_PR_e07c16e087.pdf [2025-05-06]