/KASE, 06.05.25/ – BI Development Ltd. жеке компаниясы (KASE тикері –
BIGD) 2025 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі
бекітілсін;
- компанияның 2024 жылдағы 76 031 037 000 теңге мөлшеріндегі таза
табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- 51 182 552 152 теңге әрі қарай дамыту үшін компанияның иелігінде
қалдырылсын;
- бұрын жарияланған 4 646 464 646 теңгеге (2024 жылғы тоғыз
айдың алдын ала қорытындысы бойынша) қосымша
20 202 020 202 теңге компанияның акционерлеріне дивидендтер
төлеуге жіберілсін.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BIGD/bigd_special_shareholders_meeting_results_300425_2571.pdf
[2025-05-06]