/KASE, 08.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 06 мамырында "Qazaqstan Investment
Corporation" АҚ (Астана) KZ2C00014058 ($1 000, $500,0 млн; 7 жыл; жарты
жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360)
облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 06 мамырынан бастап
күшіне енді.
Аталған облигацияларға KACMpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/KACMpp1
[2025-05-08]