2025 жылдың сәуіріндегі KASE акциялар нарығына шолу

08.05.25 11:15
/KASE, 08.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу жасайды. 2025 жылдың сәуір айының соңында KASE сауда тізімінде 81 эмитенттің 96 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атауындағы акциялар "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді. 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 31,1 трлн теңгені (60,7 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 651,4 млрд теңгеге немесе 2,1% - ға төмен. --------------------------------------------------------- 30 сәуір 31 наурыз Δ Δ, % ----------------------- --------- --------- -------- ---- Капитализация, млрд KZT 31 105,20 31 756,64 -651,4 -2,1 Капитализация, млн USD 60 714,39 63 081,79 -2 367,4 -3,8 --------------------------------------------------------- Сәуір айында акциялармен сауда-саттық көлемі 48,2 млрд теңгені құрап, наурыз айына қатысты 147,8 % - ға немесе 28,7 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 2,2 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 8 002 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі – 273,7 мың теңгені құрады. Сәуір айында акциялармен сауда-саттық тек қайталама нарықта өтті, бұл ретте "Банк ЦентрКредит" АҚ мамандандырылған сауда-саттықта өзінің 2,6 млрд теңге сомасына 1,2 млн жай акциясын кері сатып алды. Инвесторлардың негізгі санаттары арасында жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен мәмілелердің жиынтық көлемінің 46,8 %, банктердің үлесіне – 1,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 6,6 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,2 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 42,7 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің үлесі 5,3 % құрады. Сәуір айында KASE Индексінің мәні 0,6 % - ға төмендеп, айдың соңына қарай 5 622,10 тармақты құрады. Индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 2025 жылдың сәуірінде 19,3 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың наурыз айындағы көрсеткіштен 1,0 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акцияларына – 4,7 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 24,3%) тиесілі болды*. -------------------------------------------------------------------------------------------------------- Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі *, Капитализация, акция үшін теңге млн теңге млрд теңге ---------------------------------- ------------------------ -------------- Free Индекстегі --------- float, үлесі, 01.01.25 % %* 30 сәуір 31 наурыз Δ, % бастап сәуір наурыз Δ, % 30.04.25 ж.б. Δ, % ----------- ------ ---------- --------- --------- ---- --------- -------- -------- ------ -------------- KZTK 11,0 3,1 50 585,89 46 700,00 +8,3 +15,6 2 478,5 6 891,9 -64,0 501,2 CCBN 43,1 12,8 2 900,00 2 716,04 +6,8 +32,6 1 472,8 1 303,2 +13,0 510,0 KZTO 10,0 1,9 828,99 803,90 +3,1 +1,1 808,9 1 534,1 -47,3 317,2 KZAP 25,0 13,4 17 682,72 17 480,00 +1,2 -12,4 1 637,1 901,5 +81,6 4 554,8 KEGC 15,0 3,6 1 481,00 1 477,49 +0,2 -3,0 660,0 530,3 +24,5 407,4 KMGZ 2,9 15,7 14 970,00 15 000,00 -0,2 +2,4 2 240,3 2 193,2 +2,1 8 983,5 KCEL 34,1 13,3 3 332,00 3 386,00 -1,6 -2,9 4 034,9 1 196,0 +237,4 671,5 KSPI 31,2 13,4 46 300,00 48 200,00 -3,9 -15,1 808,0 683,4 +18,2 8 846,2 HSBK 30,4 16,8 288,94 302,53 -4,5 +12,7 4 677,5 2 274,7 +105,6 3 127,5 AIRA 40,8 6,1 715,05 755,00 -5,3 -12,8 447,0 793,4 -43,7 255,0 Индекс KASE – – 5 622,10 5 658,74 -0,6 +0,8 19 264,9 18 301,8 +5,3 -------------------------------------------------------------------------------------------------------- * ірі мәмілелер мен тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді есепке алмағанда. [2025-05-08]