"Сентрас Секьюритиз" АҚ акционерлері 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

08.05.25 12:33
/KASE, 08.05.25/ – "Сентрас Секьюритиз" АҚ (KASE тикері – CSEC) 2025 жылдың 05 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2024 жылға аудиторлық есеп назарға алынсын; - 2024 жылдың қорытындысы бойынша жинақталған таза пайданы бөлмеу, 2024 жылға дивидендтер есептемеу және төлемеу. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSEC/csec_special_shareholders_meeting_results_050525_358.pdf [2025-05-08]