12 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00012045 (KFUSb78) және KZ2C00012409 (KFUSb92) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

08.05.25 16:11
/KASE, 08.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 мамырынан бастап "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: 1) KZ2C00012045 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb78; 1 000 теңге, 25,0 млрд теңге; 02.05.25 – 02.05.26; жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360); 2) KZ2C00012409 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb92; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 02.05.25 – 02.05.27; жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат сына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/KFUS [2025-05-08]