08 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3067899610, US05709VAA26 (BTRKe1) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

08.05.25 16:56
/KASE, 08.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 03 сәуіріндегі шешімімен "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ"(Астана) XS3067899610, US05709VAA26 ($500,0 млн, 08.05.25 – 08.05.28, жартыжылдық купон, купондық мөлшерлеме жылдық 5,45 %; 30/360) халықаралық облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізуге келісім берілді. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 08 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға BTRKe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKe1 [2025-05-08]