/KASE, 08.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы
(KASE) Басқармасының 2025 жылдың 29 сәуіріндегі шешімімен Еуропалық
қайта құру және даму банкінің XS3059487721 (EBRDe29; 15,0 млрд теңге;
08.05.25 – 08.05.28; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded +
тіркелген маржа, маржа ставкасы облигацияларды орналастыру бойынша
өткізілген бірінші сауда-саттықтар қорытындылары бойынша анықталатын
болады; actual/ 365) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің
"халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына. енгізуге
келісім берілді.
Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 08 мамырынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/EBRDe29
[2025-05-08]