"Батыс транзит" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

13.05.25 11:16
/KASE, 13.05.25/ – "Батыс транзит" АҚ (KASE тикері – BTTR) 2025 жылдың 02 мамырында өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 196 251 мың теңге мөлшеріндегі таза кіріс қоғамның дамуына бағытталсын, 2024 жылға қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_results_020525_281.pdf [2025-05-13]