14 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00013402 (MFSLb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.05.25 15:03
/KASE, 13.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 мамырынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00013402 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb10; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSLb10 [2025-05-13]