/KASE, 13.05.25/ – "RG Brands" (KASE тикері – RGBR) 2025 жылдың
30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні
туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) 2024 жылдың 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін және "Делойт" ЖШС
аудиторлық есебімен расталған қоғамның шоғырландырылған қаржылық
есептілігін бекіту туралы;
2) 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін және
"Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен расталған қоғамның жеке
қаржылық есептілігін бекіту туралы;
3) қоғамның 2024 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту,
жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау
және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін
бекіту туралы;
4) акционерлердің қоғамның, оның лауазымды адамдарының іс-
әрекеттеріне шағымдарын қарау және оларды 2024 жылы қарау
қорытындылары туралы;
5) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2025 жылға сыйақы төлеу
мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;
6) қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының
2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді
хабардар ету туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_info_300525_585.pdf
[2025-05-13]