/KASE, 15.05.25/ – "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (KASE тикері –
KMCP) 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және
аудиторлық есеп жарияланды.
"Эрнст энд Янг" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық
есептілік барлық маңызды қатынастарда "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс
Коппер) және оның еншілес ұйымдарының 2024 жылдың
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық
жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін
және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының
шоғырландырылған қозғалысын қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес анық көрсетеді.
2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, млн теңгемен):
--------------------------------------------------------
31.12.24 31.12.23
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
------------------------------------ --------- ---------
Жарғылық капитал 173 750 173 750
Меншікті капитал (капитал тапшылығы) 805 761 739 225
Жиынтық активтер 2 301 158 1 899 573
Жиынтық міндеттемелер 1 495 397 1 160 348
Кіріс 1 433 432 1 331 216
Жалпы пайда (жалпы шығын) 451 743 382 050
Таза пайда (таза шығын) 63 480 109 599
Жай акцияның баланстық құны, теңге 22,55 20,79
ROA, % 2,76 5,77
ROE, % 7,88 14,83
ROS, % 4,43 8,23
--------------------------------------------------------
Қаржылық есептілік және есеп жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/KMCP/kmcpf6_2024_cons_rus.pdf
[2025-05-15]