"КА "ID Collect (АйДи Коллект)" ЖШС KZ2P00009681 (IDCOpp1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
16.05.25 10:11
/KASE, 16.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
16 мамырынан бастап "КА "ID Collect (АйДи Коллект)" ЖШС (Алматы)
KZ2P00009681 ("жеке орналастыру" алаңы, IDCOpp1; $100 000, $5,0 млн;
16.05.23 – 16.05.25; ай сайынғы купон, жылдық 14,50%; 30/360)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 28 сәуірінен бастап "жеке
орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізілген.
[2025-05-16]