"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жалғыз акционері қоғамның жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

16.05.25 15:12
/KASE, 16.05.24/ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – TMJL) жалғыз акционердің 2025 жылдың 02 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін; - 157 817 358 632 теңге мөлшеріндегі таза табыс қоғамның иелігінде қалдырылсын, 2024 жылға бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілмесін, дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_decision_sole_020525_1211.pdf [2025-05-16]