/KASE, 16.05.25/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
16 мамыр 2025 жыл
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"),
Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы 2025 жылдың бірінші
тоқсанындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2025 ылдың бірінші
тоқсанындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру 5,8 % - ға артып, 6 416 мың тоннаны
құрады;
- Мұнай тасымалдау 2,9% - ға 20 920 мың тоннаға дейін төмендеді;
- Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек
шикізатын қайта өңдеу көлемі 11,1% - ға ұлғайып, 5 137 мың тоннаны
құрады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспрасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160525_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспрасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160525_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспрасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160525_en.pdf
[2025-05-16]