/KASE, 16.05.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
16 мая 2025 года
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз", "ҚМГ" немесе "Компания") 2025 жылғы
5 мамырда өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының
(бұдан әрі – "АКЖЖ"») дауыс беру қорытындыларын жариялайды.
...
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Дауыс беру нәтижелері бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің
төрағасы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделер өкілі Ернат Құдайбергенұлы
Бердіғұловтың өкілеттігі 2025 жылғы 27 наурыз мерзімінен бұрын тоқтатылды,
оның орнына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы,
"Самұрық-Қазына" АҚ мүдделер өкілі болып Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов
сайланды.
...
Осылайша, қазіргі уақытта ҚМГ Директорлар кеңесі 9 (тоғыз) мүшеден
тұрады:
1. Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы,
"Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;
2. Отыншиев Елжас Мұратұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын
өкіл;
3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін
қорғайтын өкіл;
4. Хасенов Асхат Ғалымұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы;
5. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, тәуелсіз директор;
6. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, тәуелсіз директор;
7. Холланд Филип Малкольм, тәуелсіз директор;
8. Мыңшарипова Сая Найманбайқызы, тәуелсіз директор.
9. Шәкіров Асқар Оразалыұлы, тәуелсіз аға директоры
дәйексөздің соңы
- Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160525_1_kz.pdf
- Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160525_2.pdf
- Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160525_1_en.pdf
[2025-05-16]