/KASE, 19.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
19 мамырынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM*
сериясы) "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010960 (MFMCb1)
облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты
алып тасталғанын хабарлайды (19 мамыр – өтеу кезінде тіркеу күні).
2025 жылдың 19 мамырынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 62 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке
алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар
бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-05-19]