/KASE, 19.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
20 мамырынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана)
XS3067899610, US05709VAA26 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты,
BTRKe1; $500,0 млн, 08.05.25-08.05.28, жарты жылдық купон, купондық
ставка жылдық 5,45%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ
доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKe1
[2025-05-19]