21 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014012 (MFRFb17) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

19.05.25 15:37
/KASE, 19.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 21 мамырынан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00014012 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFRFb17; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb17 [2025-05-19]