/KASE, 19.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2025 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырынна дейін "Биржалық
симулятор" оқу конкурсын өткізеді.
Алғашқы жеті аптаның қорытындысы бойынша (01 сәуірден 16 мамырға
дейін) сауда-саттық көлемі 204 024,0 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде
мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 6 581,4 млн теңгеден асты.
Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше
2 261 мәмілені және 50 165,7 млн теңгені құрады.
Төменде 2025 жылдың 01 сәуірінен 16 мамырына дейінгі кезеңде құралдар
бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:
-------------------------------------
Мәмілелер Көлемі,
Сауда-саттық коды саны млн теңге
----------------- --------- ---------
HSBK 4 494 52 847,8
KZTK 1 785 40 149,4
CCBN 2 702 28 296,1
KZAP 1 165 18 253,6
KSPI 1 437 18 070,3
KMGZ 1 422 12 090,3
BAST 1 055 11 106,6
FHJIds 699 9 209,6
KCEL 896 5 215,8
KZTO 592 3 707,8
ASBN 693 2 417,7
AIRA 744 1 945,4
KEGC 313 335,1
KMGD 248 203,0
IE_FXBF 168 175,6
----------------- --------- ---------
Барлығы 18 413 204 024,0
-------------------------------------
Қазіргі уақытта конкурсқа қатысу үшін 7 650 қатысушы тіркелді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру болып табылады.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме
бойынша қолжетімді
https://kase.kz/files/presentations/ru/KASE_Mobile_2025.pdf
[2025-05-19]