"MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010960 (MFMCb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.05.25 09:29
/KASE, 20.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 мамырынан бастап "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00010960 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFMCb1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 20.05.24 – 20.05.25; тоқсандық купон, жылдық 19,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап енгізілді, 2024 жылдың 13 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 мамырынан бастап ашылды. [2025-05-20]