21 мамырдан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00004356 (KZIKb28) облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат өзгертіліп, олармен сауда-саттық қайта басталады

20.05.25 12:08
/KASE, 20.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 21 мамырынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2C00004356 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb28; 1 теңге, 3,2 млрд теңге; 21.06.19 – 21.06.49; тоқсандық купон, жылдық 2,99%; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгеретінін хабарлайды: - сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық 2,99 %-дан жылдық 0,1 %-ға өзгерді. 21 мамырдан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталады, олар 2025 жылдың 28 наурызынан бастап тоқтатылды. Көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасы енгізілген өзгертулермен орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZIK/kzikf9_KZIKb28__ru.pdf Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2025 жылдың 20 мамырындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы"АҚ KZ2C00004356 (KZIKb28) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді" жаңалығы жарияланды– https://kase.kz/kz/information/news/show/1543349 [2025-05-20]