/KASE, 21.05.25/ – "Ғарыштық техника және технологиялар
институты" ЖШС (KASE тикері – IKTT) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Мемлекеттік органдар мен халықаралық әріптестердің сенімі, сараптамалық
деңгейдің мойындалуы, ғарыштық және навигациялық технологияларды
дамытуға қосқан үлесі:
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (қысқартылған атауы –
"Қазғарыш") 26.08.2024 жылғы № 513/НҚ және 28.02.2025 жылғы № 86/НҚ
бұйрықтарымен "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің 2023-2026
жылдарға арналған Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы
шеңерінде Қазғарыштың іс-шараларының жауапты орындаушысы ретінде
анықталды.
Бағдарлама 2022 жылғы 28 қазандағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің
шешімімен бекітілген және достастық шеңберінде үйлестірілген және тиімді
радионавигациялық кеңістікті дамытуға бағытталған.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_200525_3_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_200525_3.pdf
[2025-05-21]