/KASE, 21.05.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
ForteBank Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Латын Америкасындағы
14 халықаралық банктен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде алғашқы
синдикатталған кредит тартқанын хабарлады. Бұл мәміле - ForteBank-тің
халықаралық синдикатталған қарыздар нарығындағы дебюті.
Бастапқыда жарияланған қаржыландырудың көлемі шамадан тыс жазылудың
есебінен айтарлықтай ұлғайды, бұл халықаралық кредиторлардың ForteBank-
тің қаржылық тұрақтылығы мен даму стратегиясына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының макроэкономикалық бағдарына деген жоғары сенімін
білдірсе керек.
Мәмілені Commerzbank Commerzbank Aktiengesellschaft және MashreqBank
PSC банктері ұйымдастырды. Commerzbank Aktiengesellschaft сонымен қатар
құжаттама агенті ретінде қызмет етті, ол кредит бойынша агент міндетін атқарады.
дәйексөздің соңы
Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы
орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_200525_1.pdf
[2025-05-21]