/KASE, 22.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
22 мамырынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік
тізімнен "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00011229
(BTRKb12) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты алып тастады (22 мамыр – өтеу кезінде тіркелген күні).
2025 жылдың 22 мамырынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 61 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке
алмағанда бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-05-22]