23 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation
US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
22.05.25 14:20
/KASE, 22.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
23 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 02 мусымына және одан кейінгі күндерге келетін, M&T
Bank Corporation (АҚШ) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 02 маусымында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың
04 маусымынан бастап қайта басталады.
[2025-05-22]