22 мамырда KASE "Қазақтелеком" АҚ KZ0009093241 (KZTK) жай акцияларының бағасының 31,51 % төмендеуіне байланысты сауда-саттығын тоқтатты
22.05.25 14:10
/KASE, 22.05.25/ – Бүгін Астана қ.сағат 12:08-де Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Қазақтелеком" АҚ-ның жай акциялары KZ0009093241 (KASE негізгі
алаңы, "премиум" санаты, KZTK) бойынша олардың бағасының 31,51 %-ға
төмендеуіне байланысты сауда-саттықты тоқтатты.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері"
(Ережелер) атты ішкі құжатының 25 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына
сәйкес тоқтатылды, оған сәйкес KASE "Премиум" санатындағы KASE ресми
тізіміндегі акциялардың бағасы мұндай құлдыраудың алдындағы сауда-саттық
күніндегі жабылу сәтінде қалыптасқан бағаға қатысты 30 және одан
да көп пайызға төмендеген кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады. Бұл ретте,
сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтың
негізгі тәртіптемелерінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Аталған акциялармен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім
Ережелердің 25 бабы 7 тармағының негізінде қабылданатын болады.
2025 жылдың 21 мамырында жасалған KZTK-мен жасалған соңғы
орындалған мәміленің бағасы бір акция үшін 58 400,00 теңгені құрады. KZTK
сауда-саттығы 2025 жылдың 22 мамырында олармен мәміле жасалғаннан
кейін бір акция үшін 39 999,99 теңге бағасымен тоқтатылды.
[2025-05-22]