"Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС KZ2P00013881 (SWPSb1) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

22.05.25 17:40
/KASE, 22.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 22 мамырында "Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектеп" ЖШС (Алматы) KZ2P00013881 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға SWPSb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. "Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС қызметінің негізгі түрі – негізгі және жалпы орта білім беру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-05-22]