"Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (UZPAb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
22.05.25 17:43
/KASE, 22.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 22 мамырында "Өскемен өнеркәсіптік арматура
зауыты" АҚ (Өскемен) KZ2С00013811 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360) облигацияларын баламалы
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығарған
облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелері бойынша
облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы
мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 14,25 %,
субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00 % құрайды.
Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
"Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып
табылады.
Аталған облигацияларға UZPAb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
"Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ қызметінің негізгі түрі –
өнеркәсіптік арматура өндірісі.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2025-05-22]