"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлері компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекітті

23.05.25 11:30
/KASE, 23.05.25/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) Былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 23 мамыр 2025 жыл Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй мекенжайында орналасқан "ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылғы 22 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2024 жылға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ (ISIN KZ1C00000744) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдап, бірқатар жұмыстарды бекітті: 1)"ҚазТрансОйл" АҚ-ның 2024 жылдың қорытындысы бойынша алған 41 577 965 000 (қырық бір миллиард бес жүз жетпіс жеті миллион тоғыз жүз алпыс бес мың) теңге сомасында таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілді: дивидендтер төлеуге 33 078 016 514 (отыз үш миллиард жетпіс сегіз миллион он алты мың бес жүз он төрт) теңге сома жіберу; 8 499 948 486 (сегіз миллиард төрт жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың төрт жүз сексен алты) теңге сомасында қалған таза кіріс бөлмей "ҚазТрансОйл" АҚ-ның иелігінде қалдыру "; 2) "ҚазТрансОйл" АҚ бір жай акциясына шаққандағы 2024 жылға арналған дивиденд мөлшері 86 (сексен алты) теңге мөлшерінде белгілеу. 2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар "ҚазТрансОйл» "АҚ акционерлерінің тізімі 2025 жылғы 3 маусым сағат 00:00-де жасақталады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2025 жылдың 12 маусымы. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_230525_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_230525_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_230525_en.pdf [2025-05-23]