/KASE, 23.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Сауда-саттық регламенті
және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі
құжатына сәйкес KASE-дегі сауда-саттық регламентіне 2025 жылдың
маусымында мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.
02 маусымда Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты
келесі құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:
- CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;
- CNYKZT_TOM, USDCNY_TOM, EURCNY_TOM;
- CNYKZT_SPT, USDCNY_SPT, EURCNY_SPT;
- CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002.
06 маусымда Қазақстанда мереке күніне байланысты сауда-саттық
жүргізілмейді, Қазақстанның қаржы нарықтары жабық болады.
12 және 13 маусымда Ресейдегі мереке күндеріне байланысты келесі
құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді:
- RUBKZT_TOD, RUBKZT_0_001 және RUBKZT_0_002.
19 маусымда АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен
сауда-саттық жүргізілмейді:
- USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDCNY_TOD;
- USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURUSD_0_001, EURUSD_0_002,
USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M,
USDKZT_0_01Y;
- шетелдік эмитенттер шығарған және АҚШ долларымен есеп айырысумен
саудаланатын ETF акциялары мен бағалы қағаздары.
Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің
жұмыс мына сілтеме бойынша қолжетімді
https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf
[2025-05-23]