26 мамырдан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00013568 (NCOMb6) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

23.05.25 14:36
/KASE, 23.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 26 мамырынан бастап "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00013568 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, NCOMb6; $100, $20,0 млн; 21.05.25 – 21.05.26; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2025-05-23]